Астана қаласы әкімдігінің №4 «Аружан» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бiржан сал көшесі, 6/1
Байланыс телефоны: 38-10-94
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды
| № п/п | Қызмет атауы | Бос жұмыс орындарының саны |
|---|---|---|
| 1 | Тәрбиеші | 1 (бос орын) |
ЕСКЕРТУ:
Астана қаласы әкімдігінің №4 «Аружан» бөбекжай-балабақшасы КМҚК бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялайды. Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап ЖЕТІ КҮН ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға төменде көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсыруы қажет:
- Осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі (лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес);
- Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (болған жағдайда);
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық бақылауында тұрмайтындығы туралы анықтама;
- Наркологиялық есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
- Аттестаттау нәтижесі туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты бар куәлік (бар болған жағдайда);
- Осы Ереженің 12, 13-қосымшаларына сәйкес вакантты немесе уақытша вакантты педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы (толтырылған күйде);
- Педагог лауазымына үміткер үшін бұрынғы жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген ұсыным хат;
- Үміткер, егер бар болса, қосымша біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты мәліметтерді ұсынуға құқылы (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер, ғылыми/әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттар көшірмелері).
Кандидатқа қойылатын талаптар: ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
