Балабақша туралы

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

 

Астана қаласы әкімдігінің №4 «Аружан» балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1975 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы-292 орын. Ғимарат типтік, екі қабатты. 

Астана қаласы әкімдігінің №4 «Аружан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиелеу-білім беру қызметін мынадай заңды құжаттарының негізінде жүзеге асырылады:

- Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2023 жылғы  17 ақпандағы БСН №001240002749;

- Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы қаулысымен бекітілген №4 «Аружан» балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысы;

- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы 2023  жылғы 27  қаңтардағы № KZ30RVK00046410 хабарлама.

         Заңды тіркеу орны:

- Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Біржан Сал көшесі, 6/1; телефон/факс 8 (7172) 94-36-40, 38-10-93; электрондық мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

         №4  "Аружан " балабақшасының жұмыс режимі:

- Аптасына 5 күн.

        Болу уақыты:

- 10 жас ерекшеліктер тобы - 10 сағат 30 минут (7.30-дан 18.00-ге дейін).

 

Мектепке дейінгі ұйым қызметінің мақсаты: әр баланың мүдделерін, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оның әлеуеті мен толыққанды дамуын ашу.

Міндеттері: - әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы дамушы қауіпсіз білім беру ортасын құру;

- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, толыққанды физикалық дамуы;

-интеграцияланған білім беру жағдайында коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалдық қасиеттерді дамыту;

- баланың мектепте оқуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру;

- Отанға, ана тіліне, патриотизмге деген сүйіспеншілікті ояту;

- педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;

- ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультативтік және әдістемелік көмек.

Мектепке дейінгі ұйымда 10 жас ерекшелік топтар бар:

4  топ қазақ тіліндегі тәрбие және оқыту.

6 топ орыс тіліндегі тәрбие және оқыту.

БІЗ ТУРАЛЫ

Білім басқармасының МКҚК «№4 «Аружан» балабақшасы, Астана қ, «Сарыарқа» ауданы, Біржан Сал к., 6/1

  • dummy38-10-93

  • dummy dsaruzhan@mail.ru

    dummy ds@aruzhan-sad.edu.kz

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

Please publish modules in offcanvas position.

Много шаблонов Joomla на JooMix.org