Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беру

Кеңес тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы инклюзивті білім беру»

 

Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы арқылы реттеледі.

Әрбір бала дені сау қатарластарымен бірге сапалы білім алуға құқылы. Дәл осы жалпы білім беру саласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқу ақпаратынан бөлек, толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне, қосымша білім алуға, бос уақытын тиімді өткізуге және қоғамға бейімделуге мүмкіндік алады. Қазіргі білім беру мекемелеріндегі осы мәселелерді инклюзивті білім беру шешеді. Мектепке дейінгі ұйым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделуінің негізі болып табылады.

Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының 1.1-тармағы – «Білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету» келесі мақсаттарды көздейді:

  • Инклюзивті білім беруге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерін ашу;
  • Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Оқуға арналған мемлекеттік тапсырысты арттыру және қаржыландыру нормаларын көбейту.
    Ерекше білім беру қажеттіліктері дегеніміз не?

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (ЕБҚ) – бұл келесі себептерге байланысты білім алу кезінде тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болатын балалар:

  • Дамуындағы бұзылыстар (физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, есту, көру проблемалары);
  • Мінез-құлық және эмоциялық қиындықтар;
  • Орта факторлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени).
    Ерекше білім беру қажеттіліктері – бұл сапалы білім алу үшін қажет оқу-тәрбиелік процесте қосымша көмек пен қызметтерді қажет ететін балалардың қажеттіліктері.
    Инклюзивті білім беру дегеніміз не?

Инклюзивті білім беру – бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инклюзивті оқыту форматы – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен басқа оқушылар арасындағы қабылдау, түсіну және өзара көмек көрсету қағидаларына негізделген ең тиімді әдіс.

Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары:

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы оқу орнына қабылдау және оларға арнайы көмек көрсету;
  • Баланы оқу үдерісіне тарту, оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру бағдарламасын әзірлеу;
  • Әр баланың жеке білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және арнайы жағдайларды қамтамасыз ету.
    Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің маңызы:
    Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қажетті түзету-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге, ата-аналарға кеңес беруге және қоғамды ерекше балаларды қабылдауға дайындауға мүмкіндік береді.
    Инклюзивті білім беруді енгізудің негізгі мақсаттары:
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға кедергісіз білім алуға мүмкіндік беру;
  • Психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  • Ерекше балалардың табиғи әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау;
  • Гуманистік педагогика қағидаларын жүзеге асыру;
  • Оқу мекемелерінде оң микроклимат қалыптастыру және балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
  • Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кеңес беру және қолдау көрсету.
    Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру шарттары
    Біздің балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жалпы топтарда қатарластарының арасында тәрбиеленеді. Біздің басты міндетіміз – балаларға өз ортасында толыққанды білім алу және дамуға жағдай жасау. Коррекциялық-дамыту жұмыстарының негізгі шарттары:
  • Әр бала үшін жеке түзету-дамыту бағдарламасы әзірленеді;
  • Бала басқа балалармен емес, өзінің алдыңғы нәтижелерімен салыстырылады;
  • Балаларға жылы, қауіпсіз психологиялық орта жасалады;
  • Балалардың дамуы гуманистік және әділ бағаланады;
  • Педагогикалық болжам баланың оң жақтарын анықтауға және дамытуға бағытталады.
    Балаларды зерттеумен педагог-психолог және логопед айналысады, ал тәрбиеші олардың ұсынымдарына сүйене отырып, жұмысты ұйымдастырады.
    Балаларды зерттеу жоспарына мыналар кіреді:
  • Ата-аналармен әңгімелесу;
  • Медициналық картасын талдау;
  • Физикалық және психикалық дамуын зерттеу;
  • Танымдық және сөйлеу дағдыларын бағалау.
    Мамандардың ұсынымдары негізінде тәрбиеші:
  • Балаларға білім беру салалары бойынша сабақтар ұйымдастырады;
  • Гигиеналық дағдыларды қалыптастырады, ұсақ және жалпы моториканы дамытады;
  • Жеке жұмыстарды ұйымдастырады;
  • Денсаулықты сақтау технологияларын қолданады және топ ішінде қолайлы микроклимат жасайды;
  • Ата-аналарға баланың жеке ерекшеліктері туралы кеңес береді.
    Қорытынды
    Инклюзивті білім беру – бұл баланы өзгерту емес, керісінше, білім беру жүйесін әр баланың қажеттілігіне бейімдеу.
    Осы жүйенің негізгі принципі – балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, икемді және қолжетімді оқыту әдістерін қолдану.
        Инклюзивті білім беру – ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік беру, сондай-ақ қоғамда толеранттылықты, өзара көмек пен түсіністік мәдениетін қалыптастыру.

БІЗ ТУРАЛЫ

Білім басқармасының МКҚК «№4 «Аружан» балабақшасы, Астана қ, «Сарыарқа» ауданы, Біржан Сал к., 6/1

  • dummy38-10-93

  • dummy dsaruzhan@mail.ru

    dummy ds@aruzhan-sad.edu.kz

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

Please publish modules in offcanvas position.

Много шаблонов Joomla на JooMix.org